Ділмарлыққа салды [салынды]

lat: Dilmarlyqqa saldy [salyndy]

Ділмарланды, шешен сөйледі. Нұрлан іштей Раушанның өкінішін құптамады, д і л м а р л ы қ қ а салынған ерке келіншектің құбылмалы мінезінің өткір қыры екенін түсінсе де, жауап қайыруға асықпады (З.Шашкин, Сенім). Кейбіреулері сөзді үсті-үстіне сапыра сөйлеп, д і л м а р л ы қ қ а салып, шешендік көрсетіп, керауыздыққа басып жатты (С.Мәуленов, Жер нәрі).